Сөздәйектер галереясы
“Ұстаз” деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Серке Қожамқұлов
Мәңгі жаса, қыран елім Қазақстан!
Университетіміздің студенттері Республика күніне арналған патриоттық әндер байқауына қатысты. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған байқау, жастарды жаңа ән-жырлар арқылы туған жерлерін құрметтеуге, ізеттілікке тәрбиелеуге шақырады. Қатысушылар Отанға деген сүйіспеншілігін, елге деген мақтаныш сезімдерін әнмен өрнектеп жеткізді.
Жас әншілердің сайысы 5 кезеңде өтті. Оның шарты– патриоттық бағыттағы әннің мазмұнын сахналауға негізделген: жанды дауыс, сахналық мәдениеті, аспаппен орындаушылық шеберлігі.
Бұл жолы үміткерлер көрермен қауымды өнерлерімен тамсандырды. Олар өз кезегінде сахналанған шығарманың көркемдік деңгейі мен орындалуын, әртістік шеберлігі мен көркем туындының құрылымдық тұтастығын, қатысушылардың сахна мәдениетін ескерді.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жастарымыздың өнерлерін он бағалады:
І орынды Джантлеева Ева (ТжӘИ, ПД-25)
ІІ орынды Прилипко Дмитрий (МЖҒФ, М(О)-25)
ІІІ орынды Шегебаев Азамат (ПФ, ФКС-25) иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «АМАНАТ» партиясы «Болашақ» филиалының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
22.10.2025