Сөздәйектер галереясы
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Ж-Ж.Руссо
«ЖОО үздік оқытушысы – 2025» Республикалық конкурс кезеңін өткізу туралы
Құрметті оқытушылар!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайынғы «ЖОО үздік оқытушысы-2025» республикалық конкурсының басталғаны туралы хабарлайды.
Байқаудың бірінші кезеңі 2025 жылғы 3-14 қараша аралығында өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі, сондай-ақ оқытушылық және ғылыми қызметінде жоғары жетістіктері бар жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері (штаттық оқытушылар) жіберіледі.
Конкурстың мақсаты- жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми әлеуетін арттыру, олардың кәсіби-педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбиелік жұмыс деңгейін көтеру, сондай-ақ әрі қарай кәсіби дамуға ынталандыру.
I кезеңнің нәтижелері бойынша апелляция беру мерзімі - 2025 жылғы 17-19 қараша аралығында.
Байқаудың екінші кезеңі 2025 жылғы 1-12 желтоқсан аралығында өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі нұсқаулық: http://universitycontest2025.iac.kz
Аталған сайтта конкурс туралы ереже және қажетті құжаттардың үлгілері жарияланады.
«ЖОО үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары ақшалай сыйақы мен төсбелгі алады.
Конкурс информациялық жүйе негізінде өткізіледі, бұл оның барлық кезеңдерінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді.
Барлық оқытушыларды байқауға белсенді қатысуға шақырамыз! Сіздің кәсібилігіңіз бен жетістіктеріңіз бағалансын!
22.10.2025