Сөздәйектер галереясы
Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.
МЖҒФ және ПФ спорттық аптаның жеңімпаздары
ҚР Республика күніне орайластырылған Студенттік спорт лигасы аяқталды. Үш күн ТжӘИ факультеті және Халықаралық кампустың командалары волейболдан (әйелдер) және футзалдан (ұлдар) ең мықты ойыншыларды анықтау үшін бақ сынасты.
Алғашқы кезеңнен финалға дейін ойын қызу өтті. Әрбір құрама жеңіске деген жігерін, нағыз командалық рухын көрсетті.
Волейбол жарысына жеті команда қатысты:
1-ші орын - ПФ
2-ші орын - AФ
3-ші орын - МЖҒФ
Ең үздік шабуылшы МЖҒФ, Б-25к Ақнұр Бектұрған, ал ең үздік ойыншы ПФ, ФКС-24-2 Анель Қожахметова атанды.
Футзал жарысы ОЗК маңындағы алаңда өтіп, тартысқа толы болды. Тоғыз команда бақ сынасты. Нәтижесінде МЖҒФ пен ПФ арасындағы финалдық ойын 3:3 есебімен тең аяқталды. Дегенмен, 5:3 есебімен МЖҒФ студенттері жеңіске жетті. ТжӘИ 3 орынды иеленді.
Үздік шабуылшы ПФ,ФКС-22к Рауан Алдамасов атанды. Тіл және әдебиет институтының ТжӘИ -22к-2 Нұртай Қалмұхамадәлі үздік ойыншы атанды.
Бұл турнир тек жарыс емес- достық пен әділ бәсекелестіктің үлгісі. Қозыбаев университетінің спорттық алаңында ел намысын қорғайтын болашақ спортшылар шыңдалады.
