"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Қолыңыздан келмейтін нәрсені істеуге қорықпаңыз. Есіңізде болсын, Нұх кемені әуесқой салған, ал Титаникты - кәсіби мамандар

Дейв Барри

Қозыбаев университеті мен Қазан федералды университеті күш біріктіреді

Әкім Гауез Нұрмұхамбетов бастаған Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Татарстанға барды. Ресми сапар барысында тараптар өңірлер арасындағы өнеркәсіптік, инвестициялық және инновациялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады, цифрландыру, инновациялар және сауда салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар негізгі келісімдерге қол қойды.
Делегаттар құрамында Қозыбаев университетінің өкілдері де бар. Ынтымақтастықтың жаңа маңызды кезеңі- Қазан федералды университетімен меморандумға қол қойылды. Құжат жоғары оқу орындары арасындағы академиялық және ғылыми өзара байланысты дамытуға мүмкіндік береді.
СҚО әкімі Татарстан Мемлекет басшысының алға қойған міндетін - Қазақстанның негізгі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізуде маңызды серіктес болатынын атап өтті.
«Татарстан цифрлық трансформация мен инновацияның көшбасшысы ретінде бұл үдерісте маңызды серіктес болады. Ынтымақтастықты нығайту үшін Башир Рамеев атындағы IT-парк пен SKO hub арасында, сондай-ақ Қазан федералды университеті мен М.Қозыбаев атындағы СҚУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл келісімдер бірлескен жобалар, IT-секторды дамыту және жоғары білікті мамандар даярлау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді Гауез Нұрмұхамбетов
04.11.2025