"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Таланттылар - раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады.

Шерхан Мұртаза

Шабыттандыратын жастар!

Университетте студенттермен ашық диалог форматында кездесу өтті. Қатысушылардың арасында қос диплом бағдарламасы бойынша оқитын студенттер, соның ішінде халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысқан білім алушы бар.
Жуырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Қазақстан-академиялық білім беру аумағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумы өтті. Форумға еліміздегі шетел ЖОО филиалдарының студенттері қатысты. Олардың қатарына білім ордамызда «Басқарудағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқитын Аружан Ермұхан кірді. Ол Мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болды.
Қозыбаев шаңырағында өткен кездесуде Аружан Ермұхан форумнан алған шабытымен бөлісті. Оның айтуынша, Қозыбаев университетінің Аризона университетімен бірлескен білім беру бағдарламаларында оқу мүмкіндігі оның өмірін түбегейлі өзгертті: «Мектепте оқып жүргенде шетелге барып оқысам деп армандайтынмын. Петропавл қаласында американдық Аризона университетінің филиалы ашылғанын естіп, бірден Қазақстанда американдық білім мен екі диплом алуға бел будым. Мен үшін Мемлекет басшысымен жүздесу, Қозыбаев университетінің атынан сөз сөйлеу – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл күн менің кәсіби әрі жеке дамуыма жаңа серпін мен үлкен мотивация берді».
Студенттер, қос дипломды бағдарлама бойынша оқу туралы өз әсерлерімен бөлісті. Бойжеткен елімізде әлемдік деңгейдегі білім алу мүмкіндіктері туралы қатарлас студенттерге үндеу жасады.
Бүгінде Қозыбаев университетінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Қытайдан қандастар, АҚШ-тан, сондай-ақ Ресейден келген жастар оқиды.
04.11.2025