Сөздәйектер галереясы
Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпас.
Боэций
Спорттық рух
Халықаралық студенттер күніне орай Қозыбаев білім алушылары арасында спартакиада өтті. Құрамалар волейбол және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен өзара бақ сынасты. Екі күн ішінде әр факультеттердің және Халықаралық кампустың спортшылары ойын шеберліктерін көрсетті. Тоғызқұмалақтан командалық нәтижелері: 1-орын: ПФ 2-орын: ТжӘИ 3-орын: ТЭҚФ Жеке есепте жеңімпаздар: Әуелбай Ерсұлтан (ФКС-м-25 тобы) және Елубаева Саида (НОИП (KZ-US)-23-k тобы). Ұлдар арасындағы волейбол жарысына 8 факультет командасы қатысып, Педагогикалық факультет жеңіске жетті. ИСТФ күміс медальдарды жеңіп алды. Ал АФ үшінші орынды иеленді. ПФ студенті Павел Сороколадов турнирдің ең үздік ойыншысы атанды. ИСТ факультетінің білім алушысы Алан Калипенов ең үздік шабуылшы атағын жеңіп алды, ал Агротехнологиялық факультеттің студенті Әділ Оспанов ең үздік қорғаушы-шабуылшы атағына ие болды. Оларға естелік сыйлықтар табысталды. Ойындар тартысты өтіп,ал көрермендер өз құрамаларын қызу қолдап отырды. Спартакиада студенттерге спорттық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді және факультет аралық байланыстарды нығайтады. Барлық белсенді қатысушыларды құттықтаймыз!14.11.2025
