"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.

Цицерон

Ислам Евлоев Эр-Риядта еліміз үшін күміс медаль жеңіп алды

Қозыбаев университетінің грек-рим күресінен балуаны Ислам Евлоев Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында күміс медаль иеленді.
Спортшы 87 келі салмақ дәрежесінде  өнер көрсетіп, финалға шықты. Шешуші кездесуде ол ирандық Голамреза Фарохимен күресті. Шиеленісті жекпе-жекте ирандық күресші 6-0 есебімен жеңіске жетті, біздің спортшымыз халықаралық турнирде екінші орын алды.
Бүгінде Ислам Евлоев  Дене шынықтыру және спорт кафедрасының ФКС-22-1 тобында оқиды. Студентіміз, Ислам ынтымақтастық ойындарына алғаш рет қатысып отыр. Ол 20 жасқа дейінгі Әлем чемпионаты U20 мен Азия жастар чемпионатында, Қазақстанның XIII жазғы универсиадасында және басқа да қазақстандық жарыстарда жеңіске жетті.
Құттықтаймыз ! Жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!
19.11.2025