Сөздәйектер галереясы
“Ұстаз” деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Серке Қожамқұлов
Қозыбаев университеті CIMMYT-пен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Бұл CGIAR консорциумының жетекші коммерциялық емес ғылыми-зерттеу ұйымы болып табылатын жүгері мен бидайды жақсарту жөніндегі халықаралық орталық. Орталық климаттық күйзелістерге, аурулар мен зиянкестерге төзімді бидай мен жүгерінің жоғары өнімді сорттарын өсіруге, сондай-ақ геномдық, биофортификация және заманауи агротехнологияларды қоса алғанда, озық селекциялық әдістерді қолдануға маманданған. CIMMYT әлемдегі ең ірі генетикалық тұқым банктерінің біріне ие. Сонымен қатар, тарихи түрде Нобель сыйлығының лауреаты Норман Борлоугтың қызметімен байланысты. Меморандум жасау үшін ЖОО-ға CIMMYT Түркиядағы өкілі, пост-докторант, Иордания университетінің (Амман қ.) ауыл шаруашылығы факультетінің адъюнкт-профессоры Абдельфатах Дабабат келді. Солтүстік Қазақстан облысына сапары СҚО әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды. CIMMYT-пен біздің ЖОО және Агрокомпетенциялар орталығы арасындағы практикалық ынтымақтастықты іске қосуға бағытталған. «CIMMYT әлемнің 14 аймағында хаб бар, ал бас кеңсесі Мексикада орналасқан. Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Біз өсімдіктердің тамыр аурулары бойынша 3 ауқымды зерттеу жүргізе алдық. Одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз, өйткені Қазақстан ішкі қажеттіліктерді ғана емес, жақын маңдағы елдерді де қамтамасыз ететін бидайдың ірі өндірушісі болып табылады», - деп атап өтті Абдельфатах Дабабат. Сапар аясында бидай селекциясы, оның ауруға және құрғақшылыққа төзімділігі мәселелері бойынша семинар өтті. Бірлескен ғылыми жобалардың бағыттары, соның ішінде геномдық селекция мен CIMMYT коллекцияларын пайдалану белгіленді.03.12.2025
