"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Әркімге қажетті білім бар, Сол білімді меңгермейінше, барлық басқа білім адамға нұқсан келтіреді

Л.Н. Толстой

Қозыбаев университеті «Мамандықтар әлемі» атты кәсіптік бағдар беру сессиясында

Оқушылар сарайында өңір мектептерінің оқушыларына болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға арналған кәсіби бағдарлау сессиясы өтті. Аймақтың білім беру мекемелері оқыту артықшылықтары туралы стендтерін ұсынды. Оқушылар кәсіптік бағдар беру бойынша әр білім беру бағдарламасы туралы үлестірме материалдар мен кеңес алды.

Жоғары оқу орнымыздың өкілдері Аризона университетімен қос диплом бағдарламалары, факультеттер, дайындық бағыттары туралы айтып, тілдік тестілеуді тапсыру ережелерімен таныстырды. Мұның бәрі талапкерлерге заманауи еңбек нарығының талаптарын бағдарлауға көмектеседі.

Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова жоғары сынып оқушылары мен колледж түлектерінің назарын университеттегі дуальды оқыту мүмкіндіктеріне аударды: «Біз екінші жыл қатарынан дуальды оқыту бағдарламаларын іске асырып келеміз. Бұл біздің студенттерге Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының кәсіпорындарында тәжірибеге бағдарланған білім алуға мүмкіндік береді. Білім алушылар шәкіртақы мен жалақы алады, ал университетті аяқтағаннан кейін  дипломмен жұмыс орнына қызметке орналасады»

Сондай-ақ, 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғандықтан, сессия барысында өңірдің негізгі білім беру ұйымдарының өкілдері техникалық, инженерлік, медициналық, қызмет көрсету және аграрлық мамандықтарға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

03.12.2025