Сөздәйектер галереясы
Таланттылар - раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады.
Шерхан Мұртаза
Welcome to Foundation!
Жоғары оқу орнында «Foundation» факультетінде тыңдаушыларды факультет қатарына қабылдауға арналған «Welcome to Foundation: Бірлік пен білімге алғашқы LIKE!» атты салтанатты шара өтті.
Бұл күн Foundation факультетінің тарихындағы ерекше әрі маңызды сәттердің бірі. Жылы атмосфера, әсерлі өнер көрсетілімдері, шынайы эмоциялар мен оқытушылардың қолдауы тыңдаушыларға ерекше әсер қалдырды. Жас талапкерлер бір шаңырақтың астында бас қосып, үлкен білім жолына алғашқы қадамдарын жасады.
2025 жылы факультетке 66 тыңдаушы қабылданды, оның ішінде:
- 44 — шетел азаматтары болып табылатын этникалық қазақтар (ҚХР, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия)
- 22 — Қазақстан Республикасының азаматтары.
Барлық тыңдаушыларға алдағы ҰБТ-ны сәтті тапсырып, білім жолында биік жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз! Foundation факультетінің білім алушыларына табысты оқу тілейміз!
15.12.2025
