"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Әр халықтың ана тілі-білімнің кілті... Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді,мәдениетті болсын.

А.Жұбанов

Емтихан кезіндегі эмоционалдық әл-ауқат: күйзелісті алдын алудың маңыздылығы

Қысқы сессия қарсаңында университеттің Психологиялық қызметінің мамандары емтихандарды өткізуге қатысатын сарапшылар мен еріктілер үшін семинар өткізді.

Іс-шара сессияны ұйымдастыруға қатысты студенттердің сауалнамаларын талдау бойынша Стратегия және даму департаментінің бастамасымен өтті.

Қатысушылар студенттердің психологиялық ерекшеліктері мен білім беру ортасында тиімді қарым-қатынас құру  және емтихандар кезінде эмоционалды күйзелісті жеңудің практикалық әдістері туралы білді.

Мұндай шаралар оқытушылардың емтихандарға дайындықтарын жақсартуға, студенттерді қолдау жүйелерін нығайтуға көмектеседі.

Университеттің психологиялық қызметі академиялық қауымдастықтың психологиялық әл-ауқатын қолдау бойынша жүйелі жұмысын жалғастырады.

15.12.2025