Сөздәйектер галереясы
Таланттылар - раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады.
Әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымдарына орналасуға қайта конкурс өткізу туралы
М. Қозыбаев атындағы "СҚУ" КЕАҚ бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы – 1 бірлік.
Лауазымға қойылатын талаптар - мемлекеттік сатып алу саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар "Экономика және Бизнес" және "Қаржы", "Құқықтану" бейіндері бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы.
Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі бөлімнің даму стратегиясы.
Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- еркін нысанда жазылған өмірбаян;
- Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
- денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
- 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі бөлімнің даму стратегиясы.
Құжаттар жарияланған сәттен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде 2025 жылғы 28 желтоқсан сағат 16.00-ге дейін Пушкин көшесі 86, №2 оқу корпусы, № 317 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға қабылданады: mail@ku.edu.kz
Анықтама үшін тел.36-94-68.
