"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тіліңмен жүгірме, Біліммен жүгір.

Мақал

ТЭҚФ студенттерінің Қызыл Ай байқауындағы жетістігі

2025 жылдың желтоқсан айының ортасында "Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы" ҚБ "Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысының негізгі қағидаттары" тақырыбында қысқаметражды фильмдер байқауын өткізді. Байқауға жоғары оқу орындары мен колледждердің 1-4 курс студенттері қатысты. Конкурстың мақсаты: ҚР ҚАҚ қызметі туралы халықтың хабардарлығын арттыру, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысының (қозғалысының) негізгі қағидаттары туралы хабардар болу, сондай-ақ студенттерді ҚР ҚАҚ волонтерлік қызметіне тарту, олардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінен Тарих, экономика және құқық факультетінің "Аdаm Bol" командасының қысқаметражды фильмін ұсынды. Команда құрамына Құқықтану ББ студенттері кірді. ҚР ҚАҚ, Халықаралық Қызыл крест Комитеті, Халықаралық Қызыл Крест қоғамдары федерациясы және Қызыл Ай өкілдерінен тұратын конкурстық комиссияны бағалау қорытындысы бойынша біздің команда 3 орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

30.12.2025