"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.

Цицерон

Жасанды интеллект және GeoSTEAM: білім берудегі жаңа тәсілдер

СҚО мектеп мұғалімдері, білім беру мекемелерінің басшылары сондай-ақ,  университет пен колледж оқытушылары «Жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқытудағы цифрлық трансформация» атты  халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарда бас қосты.
Дәстүрлі семинар жұмысында Қозыбаев университетінің «География және экология» кафедрасының оқытушылары, жаратылыстану ғылымдарының тәжірибелі мұғалімдері, әдіскерлер, мектеп, орта және жоғары білім беру жүйелерінің сарапшылары өз баяндамаларын ұсынды.
Қатысушылар білім берудегі қазіргі заманғы үрдістерді, жаратылыстану ғылымдарын оқыту технологияларын, сондай-ак білім беру тәжірибесінде цифрлык технологиялар мен ГАЖ-ны пайдаланудың  перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылады.
«Бүгін  семинар барысында оқытушылармен тәжірибе алмасуға келдік.  Баяндамамның тақырыбы: ГеоSTEАM: тәжірибе арқылы танылған ғылым. Қазіргі таңда оқу процесінде ЖИ енгізу, қолдану маңызды. Сол себепті осындай цифрлық трансформация аясында оқушылар мен студенттер заман талабына сай біліммен қамтамасыз етілуі тиіс деп санаймын»,-деп бөлісті Ж. Ташенов атындағы №20 орта мектеп география мұғалімі Жібек Жамулдинова.
Семинар жұмысының корытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі.
09.01.2026