"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.

К.Д.Ушинский

Ұшқыр ой алаңы

Спартакиаданың келесі кезеңі шахмат майталмандарының басын қосты. Турнирге 36 қатысушыдан құралған он команда қатысты. Жарыс өздерінің дағдылары мен стратегиялық ойлауын көрсеткен үздік ойыншыларды жинады. Жүлдегерлер анықталды : 1-орын – МФ 2-орын – ПФ 3-орын – ТЭҚФ Жеке есепте бірінші орынды Альбина Айжеркенова мен Бахтияр Серик жеңіп алды. Бұл ойын түрі сабырлы әрі төзімді болуға үйретеді. Жарыс жоғары оқу орнының қызметкерлері мен оқытушыларының зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Сондықтан турнирге университеттің құрметті ақсақалдары қатысты. Солардың қатарында 85 жасқа толған профессор Виктор Тулаевта бар. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
13.01.2026