"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Дұрыс сөздер көркем емес. Көркем сөздер сенімді емес. Жанашыр шешен емес. Шешеннің жанашыр болуы міндет емес. Білгір дәлелдемейді, дәлелдеуші білгір емес

Лао-Цзы

Қозыбаев университеті FIZMAT Education Fair – 2026 көрмесінде

Жоғары оқу орны Алматыдағы FIZMAT Education Fair – 2026 халықаралық білім беру көрмесіне қатысты. Көрмеде ЖОО атынан қатысқан топ отандық және 14 елдерден келген шетелдік жастармен тікелей жүздесуге, болашақ талапкерлермен кәсіби диалог құруға және білім беру саласындағы өзекті бағыттарды талқылау мүмкіндігіне ие болды.
Шара жұмысына елімізден, жақын және алыс шет елдерден барлығы шамамен 2600-ден аса дарынды жиналды.
Көрме алаңында Қозыбаев университетінің барлық білім беру бағдарламалары, әсіресе, Аризона университетімен стратегиялық серіктестік аясында жүзеге асырылатын қос дипломды бағдарламаларға ерекше назар аударылып, workshop түрінде таңыстырылды.
Сонымен қатар, талапкерлерге академиялық ұтқырлық, халықаралық білім беру мүмкіндіктері, ғылыми-зерттеу бағыттары мен студенттік өмір  туралы жан-жақты ақпарат берілді. Оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық байқалды. Университетіміздің  командасы оқуға түсудің тиімді жолдарын атап, кеңестер берді.
Мұндай халықаралық деңгейдегі іс-шаралар талантты жастармен тұрақты байланыс орнатуға, сондай-ақ университеттің академиялық әлеуеті мен білім беру мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауға зор ықпал етеді.
14.01.2026