Сөздәйектер галереясы
Білімді болу деген - жаңалық ашуға қабілетті болу.
«Наурыз – жаңаша» workshop
ҚХА кафедрасының ұйымдастыруымен «Наурыз – жаңаша» workshop шарасы өтті. Оған университет оқытушылары мен қызметкерлері, Петропавл қаласының мәдени және білім беру мекемелерінің, СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Петропавл қаласындағы ЖМБ НЗМ тарих пәні мұғалімі Дильбар Бегалина және ҚХА кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная «Наурыз мейрамы» оқу құралын ұсынды.
Қатысушылар әртүрлі елдердегі Наурыз мерекесінің тарихы мен ерекшеліктерін, бата және шашу дәстүрлерін талқылап, мейрамды ұйымдастыру және мерекелеу тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Наурыз онжылдығы» атты интерактивті жоба презентациясы өткізілді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
