"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.

Платон

Педагогикалық факультет Спартакиаданың жеңімпазы атанды

Университетте «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен  спартакиада өз мәресіне жетті. Екі күн бойы Шағын футболдан өткен жарысқа бес команда қатысты. Тартысты ойындардан кейін мықты ойыншылар анықталды:
1орын – ӘБП
2орын – АФ
3орын – ӘК

Жекелей марапаттар табысталды: Рустем Каримов «Үздік шабуылшы», ал Өмірзақ Нурпейіс «Үздік ойыншы» атанды.

Дартс
Командалық жарыста:
1орын – ПФ (Иван Буняшин, Ольга Исаева)
2орын – ИСТФ
3орын – ӘБП

Арқан тарту:
1орын – ПФ
2орын – АФ
3орын – ӘК

Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, лайықты марапаттарын алды. Жабылу салтанатында олар ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымынан ақшалай сыйлықтар алды.
5ші орын – ТжӘИ
4ші орын – ӘК
3ші орын – ӘБП
2ші орын – АФ
Ал Педагогикалық факультет спартакиаданың жеңімпазы атанды!

Спартакиада – спорттық ойындарды насихаттаудың жарқын үлгісі. Бұл жолы қатысушылардың ынта-жігері, спортқа деген құштарлығы ерекше байқалды.

Аталған спартакиада қызметкерлер мен оқытушылар арасында достықты, бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеуде үлкен үлес қосты. Құттықтаймыз!

16.01.2026