Сөздәйектер галереясы
Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс.
В.Г.Белинский
Kozybayev University «Атамекен» ҰКП рейтингісінің ТОП-10 қатарында
Қозыбаев университеті «Атамекен» ҰКП Білім беру бағдарламаларының рейтингінде жоғары нәтижелер көрсетіп, мамандарды даярлаудың бәсекеге қабілеттілігі мен тәжірибелік тиімділігін растады.
Рейтинг қорытындысы бойынша:
Екінші жыл қатарынан «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы 1 орынды алуда.
Біздің 4 білім беру бағдарламамыз 2 орын иеленді:
«Биология» (IP)
«Орыс тілі мен әдебиеті»
«Арнайы педагогика»
«Агрономия»
3 орын – «Шет тілі: екі шет тілі» ББ
Тағы 24 білім беру бағдарламасы 4-тен 10-ға дейінгі орындарға ие болды.
Рейтинг көрсеткіштерінің бірі түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі болып табылады. Біздің 12 бағдарламамыз 100% жұмыспен қамту деңгейіне қол жеткізді!
Бұл көрсеткіштер білім беру бағдарламаларының жоғары сапасын, олардың еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін және университеттің мүдделі тараптармен тығыз байланыс орнатқандығын көрсетеді. «Атамекен» ҰКП рейтингі жұмыс берушілердің пікірін, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштерін және білім беру мазмұнының өзектілігін ескереді.
Қозыбаев университеті білім беру бағдарламаларын әзірлеу, заманауи оқыту технологияларын енгізу және өнеркәсіптік серіктестермен байланысты нығайту бойынша жүйелі жұмысын жалғастырады. Сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті түлектерді дайындауды қамтамасыз етеді.
20.01.2026
