"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу - мол дүние жиып, оны керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей.

Мұхамбет пайғамбар

Студенттерге бопсалау және құмар ойындарының құқықтық салдары туралы айтылды

Апта барысында университет қабырғасында түрлі маңызды шаралар ұйымдастырылады.  Солардың бірі «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында студенттер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылауға арналды.
Кездесу жастар арасындағы құқықтық мәдениетті арттыруға, әлімжеттік және бопсалаудың алдын алу туралы қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталған.
Білім алушыларға қоқан-лоқы көрсету, өзге адамдарды қорқыту және құмар ойындарды ойнау сынды әркеттердің үлкен қателікке апаратынын , осындай жағдайға тап болған кезде қандай әркеттер жасау керектігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дәріс барысында СҚО ПД қызметкерлері нақты мысалдар келтірді.
«Бүгінгі қоғамда буллинг құмар ойындарға бейімділік, бопсалау мәселелері жиі орын алады. Әлеуметтік желі арқылы  жоғары жалақы ұсынатын  жалдау- кең таралған әдіс. Негізінен мұндай сауда құрбандары әйел адамдар, жасөспірім балалар болып табылады. Адам саудасы үшін қылмыстық жуапкершілік 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Талдау көрсеткендей, адам саудасын көбінесе ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайды »,-деді ҰҚҚКБ жедел уәкілі полиция майоры Аякөз Байменова
Студенттер қылмыстық әрекеттер мен бопсалаудың құқықтық салдары сияқты өзекті тақырыптар бойынша пайдалы құқықтық ақпарат алды.

29.01.2026