"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Халық - нағыз ұстаз.

Халық даналығы

Экологияға қамқорлық: Қозыбаев университетінде «Дармарка» шарасы

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанының негізгі қағидаттарына сәйкес, Қозыбаев университеті Дармарка экологиялық жәрмеңкесін өткізді.
Акция «StopMusor» әлеуметтік жобасы аясында  «Amanat» партиясының «Болашақ» филиалының қолдауымен Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Дармаркаға қала тұрғындары пайдалы заттарын тегін әкелді. Бұл заттарды қайта пайдалануға, қалдықтарды азайтуға және табиғи ресурстарды қорғауға ықпал ететін экологиялық таза алаң.
Шараға студенттер, еріктілер, оқытушылар, университет қызметкерлері, сондай-ақ қаланың алты мектебінен, лицей және гимназиядан шамамен 120 оқушы, мұғалімдер белсенді қатысты.
Дармаркаға не әкелінді?
- Таза, киюге жарамды киім;
- Кітаптар (жыртылмаған);
- Ойыншықтар (таза, сынбаған) және т.б.
Науқанда сандармен белгіленген пластикалық бөтелкелер де жиналды.( PET,HDPE).
«ЖОО-да бұл науқанды География және экология кафедрасы екінші жыл өткізіп келеді. Әкелінген заттарды алмастыруға болады. Соңғы күні  қалған заттарды жинап, оны мұқтаж қоғамдық ұйымдарға жеткіземіз. Ал пластикті қайта өңдеу үшін Raduga KDR-ге тапсырамыз»,- деді география және экология кафедрасының доценті Асель Бектемирова.
«Дармарка» 27-30 қаңтар аралығында сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Оқу зертханалық корпуста өтеді. Қатысыңыздар!

29.01.2026