Сөздәйектер галереясы
Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді.
Шоқан Уәлиханов
Наталья Малицкаяны қауымдастырылған профессор атағымен құттықтаймыз!
ҚР ҒЖБМ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» бағыты бойынша «қауымдастырылған профессор (доцент)»ғылыми атағын Наталья Малицкаяға берді.
Наталья Владимировна-ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Ол университетіміздің Агротехнологиялық факультетінде 10 жылға жуық сабақ береді.
«Основные приемы возделывания горца забайкальского на корм в засушливых условиях Северного Казахстана» тақырыбында диссертация қорғады.
Наталья Владимировнаның ғылыми жұмысы біздің өңіріміз үшін өте өзекті ,далалық және шалғындық жем-шөп өндіру саласында жүргізіледі. Жем-шөп дақылдары үшін тұқым өсірудің экологиялық технологиясын жетілдіру мәселелеріне баса назар аударылады. Сондай-ақ қосымша зерттеумен айналысады: «шалғындық қауымдастық құру, консервіленген жем өндіру үшін конвейерде шикізатты пайдалану».
Наталья Малицкаяға ғылыми және педагогикалық қызметте одан әрі табыс тілейміз!
29.01.2026
