Сөздәйектер галереясы
Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы.
Мақал-мәтел
Спорттық лигада үздіктер анықталды
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылған Халықаралық студенттер мен магистранттарға арналған спорт лигасы аяқталды. Жарыстар спорттың 4 түрінен өтті: үстел теннисі, шахмат, волейбол және баскетбол. Барлығы 50-ден астам адам қатысты.
Шахматтан жеке біріншілікте Ислам Каримов, ИСУ (US)-24-2a тобы (Халықаралық кампус командасы) және Айгерм Таласпаева, УиA-24 тобы (ТЭҚФ командасы) жеңіске жетті.
Волейбол жарысында ТЭҚФ командасы бірінші орын алды. Баскетбол 3x3 сайысында Халықаралық кампус командасы алтын медаль жеңіп алды. Ал Қуанбай Самғат, ИСУ-25-2 тобы, ең үздік ойыншы атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Белсенді қатысқан студенттерге алғыс айтамыз!
31.01.2026
