"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбаев

Халықаралық оқыту тәжірибесі: студенттер Аризона университетінде оқу нәтижелерімен бөлісті

Аризона университетімен бірлескен қос дипломдық бағдарлама бойынша оқитын 29 студент бір семестрді АҚШ-та сәтті аяқтап, елге оралды.

Бүгін білім алушылар жоғары оқу орнының басшылығымен, студенттерімен,оқытушылық құраммен, сондай-ақ қала оқушыларымен, жұмыс берушілермен кездесті. Балалар халықаралық ортада бейімделіп, Америкада оқудан алған әсерлерімен бөлісті.

«Аризона университеті АҚШ-тың топ-50 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді және әлемде 102-ші орында. Aл Тусон қаласының едәуір бөлігін кампус алып жатыр. Біз 50 сағат және 18,5 мың шақырым жерді жүріп өттік. Білім алушылар үшін бұл үлкен тәжірибе. Біз зерттеулер жүргізіп қана қоймай, саяхаттадық»,- деп бөлісті 4 курс студенті Амир Агзамов.

ЖОО 2022 жылы ҚР Президентінің елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын іске асыруды бастаған алғашқы Қазақстандық университет болды.

Осы уақыт ішінде Аризона университетімен ынтымақтастық жобасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде 5 қос дипломды және 11 бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан, АҚШ, Ресей, Қытай және басқа да елдерден шамамен 1200 студент білім алады. Қос диплом бағдарламасының студенттері гранттар арқылы (Қазақстан студенттері үшін) толық ағылшын тілінде оқиды. Оқу бағдарламасына сәйкес бір семестр Тусон қаласындағы Аризона университетінің негізгі кампусында өткізіледі. Білім беру үдерісіне байланысты барлық оқу шығындары Қозыбаев университетінің есебінен қамтылды. Бұл қаржылық қолдау студенттерге оқуға, ғылыми және жобалық қызметке, сондай-ақ академиялық және мәдени ортаға сәтті бейімделуге толық көңіл бөлуге мүмкіндік берді. Студенттер білім беру бағдарламаларына сәйкес екі топқа бөлінді: 20 адам IT бағыты («Басқарудағы ақпараттық жүйелер») бойынша, қалғандары «Биотехнология» бағдарламасы бойынша оқыды.

Шара барысында Басқарма Төрағасы– Ректор Ербол Исақаев семестрді сәтті аяқтаған білім алушыларды құттықтады:

 

«Аризона университетінің негізгі кампусында оқу арқылы академиялық, жеке тұлғалық және ұйымдастырушылық қабілеттеріңді жетілдіресіздер. Біздің алғашқы студенттер бұл сынақтан лайықты өтті. Балалар басқа академиялық ортада білім алды. Олар заманауи университеттік қызметпен, зерттеу инфрақұрылымымен, кәсіби мәдениетті зерделеді. Оқуда да, болашақ мансапта да нақты нәтиже көрсететін тәжірибе жинады. Study Arizona- бұл білім сапасын  жоғары деңгейге жетелейтін көрсеткіш. Біздің студенттер, бағдарламаның нақты халықаралық тәжірибесінің нәтижесін дәлелдеді!»

03.02.2026