Сөздәйектер галереясы
Әрқашан қиын жолды таңдаңыз, Есесіне бәсекелестер болмайды
Шарль де Голль
Қозыбаев университетінде магистратура студенттерінің оқу бітіру кеші өтті
Дене шынықтыру, құқық, филология, инженерия, журналистика және басқа да салалар үшін жоғары білікті мамандарды даярлаудағы тағы бір кезең аяқталды.
Биыл магистратура бағдарламасын 44 студент бітірді, олардың 7 AlmaU-мен бірлескен бағдарлама бойынша MBA дипломдарын алды. Іс-шараға құрметті қонақтар, түлектер жиналды.
«Магистр дәрежесі- сарапшы, зерттеуші ретінде саналы таңдау жасауға серпін береді. Оқу барысында білім алушылар диссертациялық жұмыс пен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу арқылы ғылымға үлес қосты. Біздің аймағымызға педагогика, инженерия, агрономия сыңды басқа да салалар бойынша білікті кадрлар қажет», - деді Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Айгуль Нурпеисова.
Университет ұжымы магистратура түлектерін шын жүректен құттықтайды! Кәсіби өсу және тамаша жетістіктер тілейміз!
09.02.2026
