Сөздәйектер галереясы
Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
Студенттермен әйелдер құқығы, экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
СҚО ПД қызметкерлері студенттермен кездесті. Дәріс барысында білім алушыларға зорлық-зомбылық, сталкинг сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Полиция өкілдері діни ағымдардың пайда болуы, сталкингтен сақтану жолдары, адамдар көп жиналатын орындарда қауіпсіздік шараларын сақтау, бұзақылық әрекеттер жасалған жағдайда ақпаратты тиісті органдарға дер кезінде хабарлаудың маңызын атап өтті.
Сондай-ақ, студенттерге терроризм , экстремизмнің қауіпі және қоғамға тигізетін кері әсері жайлы бейнероликтер көрсетілді.
Аталған дәріс білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған. Кездесу соңында полиция қызметкерлері аудиторияның бірқатар сұрақтарына жауап берді.
