Сөздәйектер галереясы
Ойлы әдебиет биік парасаттан, терең білімнен туады.
Сағат Әшімбаев
Алина Соловьеваның шеберлік сабағы
Қозыбаев университетінде Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Алтын Жұлдыз және «Отан» орденінің, «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері Алина Соловьева студенттерге қонақ дәрісін және әріптестеріне шеберлік сабағын өткізді.
Кездесуде студенттік жылдарын еске алып, білім алушылармен тәжірибесімен бөлісті: « Мен оқуымды 1994 жылы бітірдім. Бүгінде Қозыбаев университетінің атмосферасы жылы, білімі сапалы. Студенттер мен оқытушыларға деген сүйіспеншілігі мен қолдау тұрғысынан бұл университет шынымен де ең үздік жоғары оқу орындарының бірі. Университет басшылығы өзінің азаматтық борышын орындап, аймаққа, балаларға және елге қызмет етуге тырысады ».
Алина Робертовна оқу ордамыздың түлегі. Ол Жаратылыстану ғылымдары және география факультетін «География және биология» мамандығы бойынша бітірген. Алина Соловьева - жаңартылған мектеп бағдарламасына бейімделген қазақстандық биология оқулықтарының және бірқатар электрондық оқу құралдарының танымал авторы, педагогика ғылымдарының докторы дәрежесіне ие. Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласындағы А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында сабақ береді.
«Қызмет еткен уақытымда бүкіл Қазақстан бойынша қолданылатын «Атамұра» баспасы үшін 18 оқулық пен оқу-әдістемелік құралдардың авторы болдым. Әртүрлі олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған 100-ден астам оқушы мен 28 жүлдегерді дайындадым .2018 жылы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді»,- деді Алина Робертовна.
Осындай шаралардың арқасында түлектеріміз университет студенттерімен кездесіп, жас ұрпаққа шабыт береді. Бұл өз кезегінде білім алушылардың сенімділігін нығайтады, үздік болуға ұмтылу мәдениетін қалыптастырады.
17.02.2026
