"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Дұрыс сөздер көркем емес. Көркем сөздер сенімді емес. Жанашыр шешен емес. Шешеннің жанашыр болуы міндет емес. Білгір дәлелдемейді, дәлелдеуші білгір емес

Лао-Цзы

Жастармен ашық диалог

Университетімізде  «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының СҚО филиалының өкілдерімен, студент жастармен және ЖОО белсенділерімен алдағы конституциялық реформаларды талқылауға арналған диалог алаңы ұйымдастырылды.
Жалпыұлттық коалициясының СҚО филиалының өкілі Жадыра Жолкенованың айтуынша  қоғамның болашақ дамуы үшін студенттердің көзқарастары мен ұсыныстарына назар аудару қажет: «Бүгінде  біз жастарға үлкен үміт артып отырмыз. Ең алдымен білім алушылар өздерінің құқықтарын біліп жүрсе деймін. Жаңа Конституция – белсенді, жауапты әрі саналы азаматтарды қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан жас ұрпақ заңға құрметпен қарап, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосуға дайын болуы тиіс».
Университеттік ортада құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік және жастардың белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасады. Сондықтан ел дамуының негізгі бағыттарын академиялық ортада талқылау ерекше маңызға ие.
«Жоғары оқу орны – тек білім беру мекемесі ғана емес, сонымен қатар құқықтық мәдениет пен азаматтық бірегейлік қалыптасатын орта. Біздің басты міндетіміз – білімді маман даярлаумен қатар, заң мен әділеттілік қағидаттарына сүйене отырып, ойлап, талдау жасай алатын және жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаларды тәрбиелеу»,- деді Басқарма Төрағасы- ректор Ербол Исақаев
Негізгі баяндамалардан кейін сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылды.Кездесу барысында жаңа Конституция аясындағы өзгерістер жан-жақты қарастырылып, білім алушылардың пікірлері тыңдалды.
02.03.2026