"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.

Платон

Фильмы, которые заставляют задуматься

Құқық қорғау органдарының өкілдері заң бұзудың салдарын фильм арқылы жеткізді. «Заң мен тәртіп» идеологиялық қағидаты аясында Қозыбаев университетінде студенттерге «Не книжные закладки» және «Хулиганка» атты қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімі өтті. Бүгінгі таңда жастар арасында агрессия, қорқыту және психологиялық қысым зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін. «Не книжные закладки» фильмі арқылы студенттерге заңға қарама-қайшы келетін әрекеттердің ауыр салдары түсіндірілді. Оқиға желісі жеңіл табысқа қызыққан жігіттің тағдырын арқау етеді. Ал екінші фильмде «бұзақы» ретінде танылған жасөспірімнің теріс әрекеттерінің астарында жатқан қорқыныш сезімі мен қоғамдық қысымның ықпалы көрсетіледі. Көрсетілімнен кейін білім алушылармен арнайы киноталдау ұйымдастырылды. «Себептері– салдары – қорытындылары – әрекеттер» әдісі арқылы фильм кезең-кезеңімен талқыланды. Пікірталас барысында білім алушылар бейнефильм кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, қиын жағдайда өзгеге қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.
11.03.2026