Сөздәйектер галереясы
Мектеп - кеме, білім теңіз.
Қасым Аманжолов
Қозыбаев университетінің ғалымдары Қазақстанның жаңа конституциясының жобасы туралы пікір алмасты
Университет ғалымдары ҚР жаңа Конституцияның жобасын талқылау үшін басқосты. Іс-шараға ғылым департаментінің қызметкерлері, жас ғалымдар кеңесі мен ғылыми-зерттеу орталықтарының мүшелері қатысты. Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың мәні туралы ойларын ортаға салды.
«Болашақ референдумның басты мақсаты-елдің құқықтық және саяси жүйесін жетілдіру, сондай-ақ қоғамдағы әділеттілік пен теңдік деңгейін арттыру үшін жағдай жасау. Осы өзгерістер әрбір азаматқа негізгі саяси шешімдерді қабылдау процесіне тікелей қатысу үшін мүмкіндіктер ашады. Соның арқасында халық пен мемлекет арасындағы сенімнің өсуіне ықпал етеді», - деп атап өтті Ғылым және инновациялар жөніндегі Басқарма мүшесі Әнуарбек Қақабаев.
Конституцияда алғаш рет білім, ғылым және инновацияларға ерекше назар аударылды, бұл қазақстандықтар алдында дамудың жаңа көкжиектерін ашады.
Ғылыми кеңестің ғалым хатшысы Асемгуль Темирханова өз баяндамасында Конституцияның жаңартылған мазмұны мен жаңа технологиялар дәуіріндегі ғылымның рөліне тоқталды: «Мемлекет басшысы ғылымды дамытуға айрықша мән береді. Мемлекеттің өркендеуі ғылым мен технологияға тікелей байланысты екені анық.Маман даярлау,ғылыми-зерттеулерді жүргізу ,жас ғалымдарға қолдау көрсету сыңды бағыттар бойынша әлі де атқаратын жұмыс баршылық. Бұл бағытта Қозыбаев университетінде мынадай қадамдар жасалды:ғылыми зерттеулерді өрістету, жас ғалымдарды қолдау, ғылым мен өндірістің байланысын күшейту, цифрлық және ЖИ саласын дамыту. Мұның барлығы болашақ экономиканың негізі деп білеміз».
Оқу ордамыздың ғалымдары жаңа Конституциялық жаңартуларға қолдау білдіреді.
12.03.2026
