Сөздәйектер галереясы
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
В.А.Сухомлинский
Біздің чемпион – Ислам Евлоев!
Солтүстік Қазақстандық спортшы, Қозыбаев университетінің студенті Ислам Евлоев еркін күрестен 97 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Финалда Ислам жоғары деңгейдегі дайындықты, техникалық шеберлікті және жеңіске деген жігерін көрсетті. Мықты техникалық дайындықтың арқасында, ол астаналық Бағлан Қуанышты 8:0 есебімен жеңді. Бұл жеңіс бүкіл университет үшін маңызды жетістік. Ислам Евлоевқа халықаралық дәрежеде табыстар тілейміз!13.03.2026
