"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Әркімнің туған тілі-туған шеше, оған бала міндетті сан мың есе.

С.Мұқанов

Наурызнаманың онкүндігі басталды

Наурызнама  мерекелік онкүндігінің әр күні ұлттық құндылықтар мен белгілі бір тақырыпқа арналады.

Мерекелік күндер тізбегі Көрісу күні – Амал мерекесімен бастау алады. Бұл күні халқымыз қыстан аман-есен шығып, көктемді қуанышпен қарсы алып, бір-бірімен қол алысып, төс қағысады. Адамдар өкпе-ренішті ұмытып, бір-біріне амандық, береке тілейді. Ақсақалдар ақ батасын беріп, тағылымды өсиеттерін айтады.

Бұл атаулы күн өскелең жас ұрпақты мейірімділікке, ауызбіршілік пен татулыққа, бауырмалдық пен сыйластыққа тәрбиелейді.

Көрісу күні әр шаңыраққа құт-береке, амандық пен бейбітшілік әкелсін!

15.03.2026