Сөздәйектер галереясы
Білімді болу деген - жаңалық ашуға қабілетті болу.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Практико-ориентированное обучение: выездные занятия по тактической подготовке
Қозыбаев университетінің әскери кафедрасының студенттері үшін «Полигон» страйкбол клубының ойын алаңы базасында тактикалық дайындық бойынша жаттығу сабақтары өткізілді. Іс-шараға «Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру», «Ұйымдастырушылық-жұмылдыру жұмысы» мамандықтары бойынша 18 білім алушы қатысты. Олар атыс қаруын қолдана отырып, қалалық жағдайларда жақын қашықтықтағы жаттығуларды жасады. Мұндай сырттай оқу-жаттығу жиыны алғаш рет өткізіліп отыр. Университеттің әскери кафедрасында барлығы 162 студент оқиды, оның ішінде 8 қыз бар. Оқуға түсуге өтініштер 1 ақпаннан бастап қабылданады, іріктеу 2026 жылдың қазан-қараша айларында өтеді.18.03.2026
