Сөздәйектер галереясы
Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек.
В. Маяковский
ЕРБОЛ ХАМИТОВ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов университетіміздің мақтанышы,дарынды спортшы Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағын табыстады.Ербол Хамитов – пара биатлоннан Әлем кубогының жалпы есебінде топ жарып, «Хрусталь глобусқа» қол жеткізген алғашқы қазақстандық спортшы. Сонымен қатар, қысқы Паралимпиада ойындарында қайсарлық пен табандылық танытып, ел қоржынына алтын медаль және пара шаңғы жарысынан қола медаль жеңіп, ел намысын асқақтатты.
Спортшының жоғары жетістіктеріне қосқан үлесі үшін оның жаттықтырушылары Аслан Тоқбаев, Василий Коломиец және Антон Жданович Құрмет грамотасымен марапатталды.
Университет ұжымы Ербол Хамитовты жоғары марапатымен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейді.
27.03.2026
