"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!

Мағжан Жұмабаев

Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Check out» акциясы

Медициналық факультет Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Сһеск out» акциясын ұйымдастырды. Болашақ дәрігерлер студенттердің, оқытушылар мен қызметкерлердің қандағы оттегі деңгейін тексеріп, қан қысымын бақылап, дене салмағының индексін өлшеді.  Бұл қызметтердің барлығы кампуста тегін көрсетілді. Іс-шараға 100-ден аса қатысушы жиналды.
Акцияға қатысушылар терапевт, инфекциялық аурулар және нутрициолог-диетолог дәрігерлерінен кеңес алды. Тексеру нәтижелері бойынша тамақтану, жеке ұсынымдар берілді. Интерндер салауатты өмір салтын ұстану мәселелері бойынша дәріс өткізді.
Аталмыш акция жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. МФ білім алушылары үшін бұл шара-медициналық дағдыларын пысықтауға мүмкіндік береді.
07.04.2026