"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

Халық даналығы

Қозыбаев университеті Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен халықаралық ынтымақтастығын нығайтады

Оқу орнымызға Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің профессоры, PhD докторы Джанг Джолианг, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында осы ЖОО-ның 6 студенті келді.

Профессор Джанг Джолианг ҚР ҒЖБМ еліміздің жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында шақырылды. Сапарының негізгі мақсаты: Агротехнологиялық факультетінің студенттері үшін дәрістер оқу, профессорлық-оқытушылық құрамға арналған семинарлар өткізу, оқытушыларды зерттеулерге тартуды арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу қызметі мәселелері бойынша ақпараттық-консалтингтік қолдау көрсету.

Джанг Джолианг бұған дейін де «Халық денсаулығын қамтамасыз ету үшін Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстарын мониторингтеу, тазарту және ұтымды пайдалану бойынша жоғары технологиялық шешімдерді әзірлеу және енгізу» жобасы аясында ғылыми топ құрамында жұмыс істеді.

Енді алдымызда жаңа маңызды кезең тұр. Қазір біз БМҚ-ға тапсыруды жоспарлап отырған бірлескен жобаға техникалық тапсырмалар дайындап жатырмыз. Ол сүтті бағыттағы ірі қара малдың генетикалық ресурстар орталығын құруға бағытталады. Бұл елдің солтүстік өңіріндегі мал шаруашылығы кластерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жергілікті атқарушы органдардың, қытайлық компаниялардың да үлкен қолдауын байқаймыз.

Білім ордамыз 10 жылдан астам уақыт бойы «Бір белдеу- бір жол» халықаралық бастамасы аясында Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен (Янлин қаласы) стратегиялық серіктестік орнатып келеді. Осы жылдар ішінде бұл ынтымақтастық толыққанды академиялық әрі ғылыми әріптестікке ұласты.

Бүгінде аграрлық бағытта екі бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда осы бағдарламалар бойынша екі магистрант ҚХР-да оқып жатыр.

Сонымен қатар, ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – академиялық ұтқырлық. Серіктестік жылдарында Қытайдан 100-ге жуық студент пен магистрант біздің университетте білім алса, Қозыбаев университетінің 30 студенті Қытайдың жоғары оқу орындарында оқыды. Қазіргі уақытта тағы 35 студент Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінде білім алады.Біз ҚХР студенттерінің жаңа тобын қарсы алуға қуаныштымыз. Олар 3 ай бойы ғылыми қызмет жүргізеді, СҚО ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездеседі.

Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті Қытай Халық Республикасындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Ол мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау табады және генетика, өсімдік шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау, аграрлық биотехнология, су ресурстарын басқару және мал шаруашылығы салаларындағы мықты ғылыми мектептерімен танымал. Бұл оқу орны Қытайдағы аграрлық ғылымның ірі ғылыми-білім беру орталықтарының бірі болып саналады. Қазіргі уақытта біз азық-түлік қауіпсіздігі, агрономия, селекция, су ресурстары және Солтүстік Қазақстан өңірі үшін өзекті басқа да бағыттар бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп келеміз. Екі университет арасындағы ынтымақтастық ұзақ мерзімді, жан-жақты және нәтижелі сипатқа ие.

08.04.2026