"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.

Ж.Баласағұн

Алғашқы медициналық көмек бойынша тәжірибелік семинар

Жоғары оқу орнында ерікті студенттердің және Петропавл қ. ПБ ЖППБ полиция қызметкерлерінің қатысуымен зардап шеккендерге алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша практикалық семинар өтті. Сабақты облыстық жедел медициналық жәрдем орталығы директорының орынбасары В. В. Жужгов жүргізді.

Сабақтың мақсаты – төтенше жағдайларда зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

Қазіргі таңда қауіпсіздік деңгейін арттыру және төтенше жағдайларға дайындықты күшейту студенттерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйретуде кешенді тәсілді талап етеді. Осы бағыттағы тиімді әдістердің бірі-оқиға орнында көмек көрсету барысында студенттердің полиция қызметкерлерімен тығыз өзара іс-қимылын ұйымдастыру  болып табылады. Студенттер топпен жұмыс істеуді, жедел шешім қабылдауды тәжірибе жүзінде меңгерді.

Іс-шара барысында қатысушылар жәбірленушінің жағдайын бақылауды үйренді: жарақаттар, қан кету, күйік, суға бату және тыныс алуды тексеру. Сонымен қатар жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу, қан кетуді тоқтату және зақымдалған аяқ-қолдарды иммобилизациялау дағдыларына ерекше көңіл бөлінді.

Оқыту нәтижесінде қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарын және әрекет алгоритмдерін тиімді қолдана отырып, төтенше жағдайларда жедел әрі дұрыс әрекет ету қабілеттерін көрсетті.

13.04.2026