"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Адамдар қалай сөйлеуді үйренеді, ал ең басты ғылым - қалай және қашан үндемеуді білу

Лев Николаевич Толстой

Қозыбаев университеті кітапханасынан әйелдер колониясына кітаптар тапсырылды

Солтүстік Қазақстан облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілі Жанат Жумабаевтың қолдауымен Қозыбаев университетінің кітапханасы №50 мекемеге (әйелдер колониясы) 700-ге жуық көркем, білім беру және танымдық әдебиеттерді сыйға тартты.
Бұл басылымдар сотталғандардың ой-өрісін кеңейтуге, оқуға деген қызығушылығын арттыруға және өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді.
Табыс етілген кітаптар олардың интеллектуалдық дамуына ықпал етіп, күнделікті өмірлерін әдебиетпен үндестіруге септігін тигізеді.
Осындай бастамалар кітапхананың мәдениет және ағарту институты ретіндегі маңызды әлеуметтік миссиясын айқындайды-өмірлік жағдайларға қарамастан,  рухани қолдау көрсету. Оқу мәдениетін дамыту арқылы үміт пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз.
13.04.2026