Сөздәйектер галереясы
Өткен күн оралмас, кұнды сөз жоғалмас.
Қазақ мақалы
Қозыбаев университетінде IAAR сыртқы сараптау комиссиясы өз жұмысын бастады
Жоғары оқу орнында тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) сыртқы сараптамалық комиссиясы жұмысын бастады. Сапар 14-16 сәуір аралығында білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде өтеді.
Үш күн ішінде сарапшылар бағдарламаларды іске асыру сапасына, оқу-әдістемелік қолдау мен ғылыми-зерттеу қызметіне, университеттің материалдық-техникалық базасына кешенді бағалау жүргізеді.
Мамандандырылған аккредиттеуден төмендегідей бағдарламалар өтеді: «Агрономия», «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», «Биология», «Шет тілі: екі шет тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология», «Жалпы медицина», «Фармация»,«Биотехнология», «Химиялық сараптама және өндірісті аналитикалық бақылау», «Азық-түлік қауіпсіздігі», «Өсімдіктер туралы ғылым және технология».
Сыртқы сараптама комиссиясының жұмысы білім беру қызметтерінің жоғары сапасын, халықаралық стандарттарға сәйкестігін және Қозыбаев университетінің академиялық әлеуетін одан әрі дамытудың маңызды кезеңі болып табылады
14.04.2026
