"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба.

Абай Құнанбаев

Студенты университета удостоены стипендий имени А.С. Пушкина

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ЖОО-да білім алушыларға А.С. Пушкин атындағы стипендияларды табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.

Шарада Ш. Уәлиханов ат. «Орыс-қазақ достығы орталығы» Омбы облыстық қоғамдық ұйымы қатысты (Ресей).

Университетіміздің 5 студенті – А. С. Пушкиннің шығармашылығы бойынша эссе байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және ҚХА кафедрасының белсенділері 50, 30, 20 мың теңге көлемінде стипендия алды:
Қарлығаш Қаратаева -1 орын
Павел Лысенко - 2 орын
Анастасия Ражанова - 3 орын
Чингиз Шитканов пен Георгий Комаров-СНО белсенділері.

Стипендияны Ш. Уәлиханов  ат. «Орыс-қазақ достығы орталығы» басқарма төрағасы Махаббат Коптуров табыстады. Іс-шараға Омбы облысының ішкі саясат Министрінің орынбасары Рустам Герасимчук қатысты.

Солтүстік Қазақстандағы шекара маңындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы және мәдени мұраның сақталуы туралы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Кемел Оспанов айтып берді.

Айтып өткен жөн, Қозыбаев университеті білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын, бірлескен білім беру бастамалары мен зерттеу жобаларын іске асырады. 50 ресейлік университеттермен және ғылыми орталықтармен, оның ішінде 7 – Омбы облысынан, РФ-мен меморандумдар жасалды.

Студенттерімізді құттықтаймыз! Омбы қаласындағы әріптестеріміздің ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!

17.04.2026