"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.

Жүсіпбек Аймауытов

«Шекспир оқулары – 2026» әдеби кеші мен байқауы

2026 жылғы 17 сәуірде «Шетел тілдері» кафедрасы «Шекспир оқулары – 2026» атты әдеби кеш пен мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Аталған іс-шараға М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Тіл және әдебиет институты, ФМЕН, ФИЭП, ФИЦТ факультеттерінің тілдік емес мамандықтарының 1–2 курс студенттері, сондай-ақ Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің (Омбы қ., РФ) студенттері қатысты.

Байқау барысында қатысушылар Уильям Шекспирдің сонеттерін ағылшын тілінде оқып, сонымен қатар олардың қазақ тіліне өздері жасаған аудармаларын ұсынды. Ұлы драматургтің сөздеріне жазылған музыкалық шығармалар да орындалды.

Қатысушылар келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • Сахналық мәдениет (сыртқы келбет, ағылшын тілінде өзін таныстыра білу);
  • Мәтінді білу (орындау сапасы, ағылшын сөздерін дұрыс айту);
  • Көркем оқу (интонацияны сақтау, сонетті мәнерлеп оқу);
  • Артистизм.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ қазылар алқасының (аға оқытушы Сырымбетова Д.С., ассистенттер Тебоев И.Б., Тебоев М.Б.) шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын – Ялымова Кристина, М(о)-25
2-орын – Барамова Амина, М(о)-25
3-орын – Кенес Аина, Кял-25-1

Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің қазылар алқасы (аға оқытушы Панасенко Екатерина Владимировна, п.ғ.к., доцент Назаров Сергей Владимирович, п.ғ.к., доцент Некрасов Сергей Владимирович) да өз жеңімпаздарын анықтады.

Қазылар алқасы шешім қабылдап жатқан уақытта көрермендер үшін У. Шекспир шығармалары бойынша квест өткізілді.

Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Назарова Н.А. атынан, іс-шараның ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, студенттер арасында осындай мәдени іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Кафедра шт
23.04.2026