"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.

Мұхтар Әуезов

«Таза Қазақстан»: Қозыбаев университеті еліміздің экологиялық болашағына қосқан үлесі

Бүгін бүкіл республика бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өтті. Қозыбаев университетінің студенттері Амир Агзамов пен Аружан Ермухан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге ағаш отырғызу шарасына қатысуға мүмкіндік алды

Екі жыл ішінде «Таза Қазақстан» бастамасы- қоршаған ортаны абаттандыру төңірегінде біріктіретін қуатты жалпыұлттық қозғалысқа айналды.

ЖОО акцияны белсенді қолдады: университет басшылығы, оқытушылар мен студенттер бірлесіп студенттер аллеясына 60-қа жуық ағаш отырғызды.

 

Мұндай бастамалар- экологиялық мәдениетті және еліміздің болашағы үшін жауапкершілікті қалыптастыруға жасалған маңызды қадам. Біз бірге таза және тұрақты Қазақстанды құрамыз!

27.04.2026