Сөздәйектер галереясы
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо
Республикалық олимпиададағы қола жүлде: халықаралық кампус студенттері үздіктер қатарында!
Қозыбаев университетінің Халықаралық кампусының командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңінде жүлделі 3-орынға ие болды.
Олимпиада Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өтті. Байқауға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан 16 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Университетіміздің намысын The University of Arizona серіктестігі аясында жүзеге асырылатын қос диплом бағдарламасының студенттері қорғады: 4-курс студенті Кристина Борисова, 3-курс студенттері Даниил Герасимов пен Алина Бегунова. Топтың ғылыми жетекшісі— PhD, Халықаралық кампустың қауымдастырылған профессоры Бызова Ю.С дайындады.
Команда мүшелері мен олардың ғылыми жетекшісін жоғары жетістікпен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа белестер тілейміз.
28.04.2026
