"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Еліміздің түрлі жоғары оқу орындарының базасында өткен XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиадаларда және ғылыми байқауларда студенттеріміз жоғары нәтижелер көрсетіп, өз білімдері мен кәсіби дайындықтарын дәлелдеді.

Каспий университеті базасында «Құқық» даярлау бағыты бойынша өткен олимпиадаға Қазақстанның 13 қаласынан командалар қатысты.

Дмитрий Павлов – жеке біріншілікте І орын иегері!

Жетекшісі: «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының аға оқытушысы Сералина А. Ж

SDU University базасында «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын тілі)» пәні бойынша өткен олимпиадада:

Кошкарова Анастасия– жеке есепте ІІ орын.

Жетекшісі: «Герман-роман филологиясы» кафедрасы, еңбек сіңірген профессор, ф.ғ.к. Тетюхин Е. П.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша өткен олимпиадада:

Аяулым Ахметжанова - жеке біріншілікте ІІ орын иеленді.

Жетекшісі: «Қазақ тілі мен әдебиет» кафедрасының меңгерушісі Кокбас Жазира

Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII республикалық пәндік олимпиадада:

Макен Зикирин -жеке есепте II орын.

Жетекшісі: «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының PhD докторы, доценті Кантарбаева Э. Е.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында Түркістан қаласында өткен биология пәні бойынша олимпиадада:

Исахова Аружан, Тоқтарбай Салтанат, Шинберген Саят – командалық есепте ІІІ орын.

Жетекшісі: «Биология» кафедрасының аға оқытушысы Нусупова А. Ж.

Energo University базасында «Телекоммуникация» бағыты бойынша өткен олимпиадада:

Ивченко Дмитрий– жеке біріншілікте ІІІ орын.

Жетекшісі: «Энергетика және радиоэлектроника» кафедрасының сеньор-дәріскері. Адильбеков А. Е.

Тұран университеті базасында робототехника бойынша өткен олимпиадада:

Максим Сумкин, Михаил Бочанцев, Богдан Кормин– командалық есепте ІІІ орын.

Жетекшісі: «Энергетика және радиоэлектроника» кафедрасының профессоры т. ғ. к., Савостин А.А. және қауымдастырылған профессор Петров П. А.

Алматы технологиялық университеті базасында «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша өткен олимпиадада:

Еркежан Шегебаева, Анелия Кожагулова, Камилла Жасуланова – командалық ІІІ орын.

Жетекшілері: «Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушысы Серіков Ә. Қ. және аға оқытушы Иль Е. Н.

Қызылорда қаласындағы педагогикалық мамандықтар (биология) студенттері арасында жаратылыстану пәндері бойынша IV Халықаралық олимпиадада:

Ашимова Аружан-жеке есепте II орын.

Жетекшісі: «Биология» кафедрасының аға оқытушысы Нусупова А. Ж.

Алматы қаласында Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) өткізген Республикалық дипломдық жұмыстар конкурсының қорытындысы Еуразия сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің XII Халықаралық фестивалінде жарияланды:

Данил Вильд және Нұрсұлтан Қазақбай – ІІІ дәрежелі диплом иегерлері.

Жетекшілері: «Құрылыс және дизайн» кафедрасының аға оқытушылары Полищук Н. Ю. және Тунгышпаева С. Ж.

Барлық жеңімпаздар мен олардың ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз! Сіздердің жетістіктеріңіз – үлкен еңбектің нәтижесі. Жаңа табыстарға жете беріңіздер!

 

 

28.04.2026