Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
В.А.Сухомлинский
Kozybayev University мақтанышы: Әділет Мурзаш Қазақстан чемпионы атанды
Семей қаласында қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Аталған дода Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешені базасында ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірлерінен келген 400-ден астам спортшыны бір алаңға жинады.
Байрақты бәсекеде Қозыбаев университеті «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының ФКС-23к тобының студенті Әділет Мурзаш (+100 кг) салмақ дәрежесінде үздік өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Әділет Мурзаш жарыс барысында 5 белдесу өткізіп, барлық қарсыластарынан басым түсті. Алғашқы айналымда Абай облысының өкілін айқын басымдықпен ұтып, келесі кезеңдерде сенімді күресіп, финалға жолдама алды.
Шешуші белдесуде Жамбыл облысының палуанымен кездесіп, тартысты күресте шеберлігін дәлелдеп, қарсыласынан үстем түсіп Қазақстан чемпионы атанды.
Табандылық пен қайсарлықтың жарқын үлгісін көрсеткен студентімізді жеңісімен құттықтаймыз!
29.04.2026
