Сөздәйектер галереясы
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!
«Our heroes are in our hearts» тақырыбындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған бейнесюжеттер байқауы
9 Мамыр – Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушылары Кораблина Тамара Николаевна мен Исмагамбетова Ляйля Шокатовна тілдік емес мамандықтардың 1–2 курс студенттері арасында ағылшын тілінде бейнесюжеттер байқауын ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараның тәрбиелік мақсаты – студенттердің бойында патриоттық сезімді одан әрі дамыту, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы отандастарымыздың ерлігін есте сақтау, фашизм мен неофашизмге қарсы ымырасыз көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ соғыс жылдарында төтеп беріп, жеңіске жеткен жандарға деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу болды. Оқу мақсаты – бейнесюжеттер дайындау барысында студенттердің ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.
Аталған байқауға М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың Тіл және әдебиет институты, Тарих, экономика және құқық факультеті, Аграрлық факультет, Педагогикалық факультет, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті, Математика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің тілдік емес мамандықтарында білім алатын 1–2 курс студенттері қатысып, байқауға 58 бейнесюжет ұсынды.
Қазылар алқасының құрамына «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары Н.П. Шевелева, В.Г. Степаненко, Д.Е. Жумагулова кірді. Байқау талаптарына сәйкестік деңгейін ескере отырып, орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын – Эвелина Кулагина (Ио-25, ФИЭП)
2-орын – Аида Қусан (Ж-25, ФИЭП), Виктория Требунская (ПвО-24, ПФ)
3-орын – Анастасия Тушина (ПвО-24, ПФ), Ульяна Шиленко (ПвО-24, ПФ)
Студенттер байқауға үлкен қызығушылық танытты, бұл осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді.
