"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.

Д.И.Менделеев

Шетелдік ғалымдар Қозыбаев университетіндегі зерттеулерге қосылды

Университетіміздің ғылыми әлеуетін арттыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында шетелдік зерттеушілер, оқытушылар мен профессорлар тартылады.

Қазіргі уақытта жоғары оқу орнымызға (Тайланд) Чиангмай университетінің постдокторанты Локешвара Редди келіп отыр. Ғалым биоэлектроника, биосенсорлар және наноқұрылымды материалдар саласында ауқымды тәжірибеге ие. Ол халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету, органикалық ауыл шаруашылығын жүргізу және қоршаған ортаны қорғау үшін озық халықаралық стандарттар негізінде тұрақты су пайдалану технологиясын әзірлеу үшін ғылыми қызметкер ретінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде қабылданды.

Енді адам денсаулығына зиянды әсердің алдын алу және дайын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында суды биологиялық тазартуды қоса алғанда, қайта өңдеу кәсіпорындарында технологиялық процестер үшін суды тазарту және дайындау жүйелерін әзірлеумен айналысады.

Сонымен қатар, биохимия саласының маманы Мухаммад Сакиб Саиф шақырылды. Кәсіби тәжірибесін шақырылған оқытушы ретінде бастаған. Бүгінде ол Islamia University of Bahawalpur оқытушысы болып табылады. Ол өсімдік сығындылары негізінде биологиялық белсенді қосылыстар алу, нанобөлшектердің және металл органикалық қаңқалардың «жасыл» синтезі және наномедицина бағыттарында зерттеулер жүргізеді. Білім ордамызға лиофильді кептірілген шөптер мен дәстүрлі кептірілген шөптердің сүт сапасын арттыруға әсерін салыстырмалы талдауды жүзеге асыру үшін зерттеуші ретінде БМҚ шеңберінде қабылданды.

Зерттеушілер 1 жыл көлемінде жаңа ортаға бейімделіп, зертханаларда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

29.04.2026