Сөздәйектер галереясы
Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.
Біздің студенттер «Үздік ЖОО» номинациясын жеңіп алды
Солтүстік Қазақстан студенттік Альянсының белсенділері елордада Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында өткен ASK CAMP II XXI Республикалық студенттік форумына қатысты.
Бағдарлама аясында құқықтық сауаттылық пен ЖИ этикасына арналған мотивациялық сессиялар өтті. Сонымен қатар студенттік омбудсмен институты, жастардың қоғамдағы рөлі, эко-бастамалар, спорттық турнирлер, квест және ҚР Парламенті Мәжілісіне экскурсия бойынша ашық талқылаулар ұйымдастырылды.
Форум қорытындысы бойынша Қазақстан студенттер Альянсының белсенді қатысушылары марапатталды. Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілдері «Үздік ЖОО» номинациясында жеңіске жетті. Ұйым құрамына Қозыбаев униерситеті мен Петропавл қаласының колледж студенттері кіреді.
Байқау 200-ге жуық қатысушыны біріктірді. Бағалау барысында 2025–2026 жылдардағы қызмет нәтижелері: студенттік жобалардың саны мен сапасы, университет әкімшілігімен жұмыс, студенттерді қамту ауқымы, ақпараттық белсенділік және жастар саясаты саласындағы жетістіктер ескерілді.
«Біздің Альянс облыстық деңгейде жұмыс істейді. Құрамында 85 белсенді студент бар. Бүгінде өңір жастары түрлі бастамаларды жүзеге асырып, қоғам дамуына белсенді үлес қосады. «Үздік ЖОО» атағы – осы еңбектің айқын нәтижесі. Алдағы уақытта да студенттердің әлеуетін арттыруға және жастардың жаңа бастамаларын қолдауға тырысамыз», – деп атап өтті СҚО студенттік омбудсмені Наргиз Қырғызбай.
Бұл жеңіс -студенттердің жүйелі әрі нәтижелі жұмысының дәлелі: волонтерлік және экологиялық акциялар, студенттік іс-шараларды (оның ішінде республикалық деңгейде) ұйымдастыру, жатақханалар мониторингі, облыстық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық. Барлық бастамалар студенттердің өз идеялары негізінде жүзеге асырылады. Іс-шаралар рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, көшбасшылық қабілеттерді дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және әлеуметтік жобаларды ілгерілетуге бағытталған.
Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
