Сөздәйектер галереясы
Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
«Kozybayev University CUP-2026» облыстық турнирінің қорытындысы
Университет қабырғасында алғаш рет көрнекті ғалым Манаш Қозыбаевтың 95 жылдығына арналған СҚО оқушылары арасында «Kozybayev University CUP-2026» ауқымды спорттық турнирі өткізілді.
Жарысқа аудандардан және Петропавлдан 11 құрама қатысты. Жалпы 150-ден астам білім алушы. Турнир екі спорт түрінен ұйымдастырылды : шағын футбол (ұлдар) және волейбол (қыздар).
Kozybayev University CUP- салауатты өмір салтын дамытуға, үздік ойыншыларды анықтауға, сондай-ақ талапкерлерді тартуға, мектеп оқушыларының университетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
ШАҒЫН ФУТБОЛ (ұлдар)
Қорытынды:
1 орын — Петропавл қаласы мектептерінің құрамасы
2 орын-Солтүстік Қазақстан облысының білім беру мекемелерінің командасы
3 орын — Тайынша ауданы мектептерінің құрамасы
Жеке марапаттар:
* Үздік ойыншы — Макашев Мадияр, Тайынша ауданы №5 ОМ
* Үздік қақпашы-Айдархан Амир, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Петропавл қ.
* Үздік шабуылшы - Курмаш Фархат, Мағжан Жұмабаев ат. IT-лицей.
ВОЛЕЙБОЛ (қыздар)
Қорытынды:
1 орын - Облыстық білім беру мекемелерінің құрамасы
2 орын-Қызылжар ауданының командасы
3 орын — Петропавл қаласының құрамасы
Жеке марапаттар:
* Үздік шабуылшы- Алина Семидоцкая, спорттағы дарынды балаларға арналған Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты
* Турнирдің үздік ойыншысы — Екатерина Обелец, «Бескөл мектеп-Колледжі» ЖШС
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтарға да ие болды:
1 орын-250 000 ₸
2 орын-150 000 ₸
3 орын-100 000 ₸
Команда жетекшілері мектеп спортының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
«Kozybayev University CUP-2026» жоғары деңгейде өтті. Турнир мектеп спортын дамытуға, талантты спортшыларды анықтауға және Солтүстік Қазақстан облысының білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
