"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Абай Құнанбаев

Отан Қорғаушылар Күні қарсаңында студенттер әскери ант қабылдады

ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл толуына байланысты Қозыбаев университетінде – Отан Қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті.
Университеттің № 1оқу корпусының бас алаңында Әскери кафедраның 90-нан астам студенті ант қабылдап, запастағы әскери қызметшілердің қатарын толықтырды.  Рәсімге университет басшылығы, ӘК офицер-оқытушылар құрамы мен білім алушылар, ата-аналары мен туыстары жиналды.
Іс-шараның мақсаты – әскери дайындықтан өткен жастардың Отан алдындағы парызын орындау, студенттердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру,  елге адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Салтанатты шарада саптық марш, патриоттық әндер орындалды, сондай-ақ ҚР Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары карабиндермен дефиле тәсілдерін көрсетті.
Әскери ант бұл- ел алдындағы үлкен жауапкершілік, адалдық пен намыстың белгісі.
Осы орайда  әскери-патриоттық тәрбиеге қосқан елеулі үлесі мен мінсіз қызметі үшін және Отан қорғаушылар күніне орай СҚО Әкімінің құрмет грамотасымен әскери кафедра бастығы, запастағы полковник Саржанов Рабирт Жанибекович және СҚУ Басқарма Төрағасы – Ректорының құрмет грамотасымен Әскери кафедра қызметкерлері мен оқытушылары марапатталды.
Оқудағы үздік көрсеткіштері мен үлгілі тәртібі үшін СҚУ Басқарма Төрағасы – Ректорының құрмет грамотасын 11 студент иеленді.
Университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, жауапкершілік танытқаны үшін және студенттік ортаның дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен 8 білім алушы марапатталды.
Жоғары оқу орнымыздағы Әскери кафедраның оқу бағдарламасы жан-жақты практикалық дайындықты да қамтыды. Студенттер запастағы офицерлерді даярлау бойынша «жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану», «аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру», «ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы» мамандықтары бойынша оқыды. Запастағы сержанттарды даярлау бойынша «атқыштар» мамандығы бойынша даярлықтан өтті. Сонымен бірге көшбасшылық қасиеттерін шыңдайды.
06.05.2026